KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі өнер мектебінің оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

28.11.2018, 04:36 222

Өскемендегі  «Жұлдыз» балалар өнер мектебінде халықаралық «Лидица-2018» (Чехия) және «Мәскеу-Ганновер», сонымен қатар республикалық «Балалар әлемді бейнелейді» және Астананың 20-жылдығына арналған «Астана-болашақ қаласы» атты байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жоғарыда айтылған халықаралық және республикалық байқауларға көркемөнер бөлімінің оқушылары жыл сайын аса қызығушылықпен белсене қатысады.


Халықаралық «Лидица-2018» (Чехия) байқауы 1967 жылы неміс ұлтшылдары өлтірген және әскери жанжалдарда қаза тапқан  балаларды еске алуға негізделген. Байқауға біздің елімізден басқа 60-70 мемлекеттен оқушылар қатысқан.


Халықаралық «Лидица-2018» (Чехия) байқауына көркемөнер бөлімінен педагог Юн Игорь Васильевичтің Анастисия  Абрасимова, Қайсар Маулимгазинов атты оқушылары және педагог Машкина Елена Юрьевнаның Румина Корнилова атты оқушысы қатысып, жеңімпаз атанды.


Осы халықаралық байқаудың жеңімпаздарын арнайы құттыктап, мараппатау үшін Астанадан «Жұлдыз» балалар өнер мектебіне Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасы Елшісі орынбасарының ассистенті Касымханова Жанна Сұлтанбекқызы келді.


Жанна Сұлтанбекқызы «Лидица-2018» байқауының жеңімпаздарын марапаттап, арнайы әкелген сыйлықтарын табыстады.


«Астана-болашақ қаласы» атты республикалық және халықаралық «Мәскеу-Ганновер» байқауларына қатысқан оқушыларымыз да жеңімпаз атанып, үлкен нәтижеге қол  жеткізді. Әрине бұл біздің  педагогтарымыздың еңбегінің жемісі екенін айта кеткім келеді»,-дейді Өскемен қаласы әкімдігінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің директоры Қасенов Дархан Қуандықұлы.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив