KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Өскемендегі жол үсті көпірі енді 15 желтоқсанда аяқталатын болды

28.11.2018, 03:20 148

Бір жыл бойы құрылыс жүріп жатқан Спорт сарайының маңындағы жүргіншілер көпірінің ашылатын мерзімі үшінші рет өзгерді. Мұны мәслихат сессиясында Өскемен әкімі Жақсылық Омар ұяла отырып айтқан еді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қала әкімі құрылыс жұмыстарының тым ұзаққа созылып бара жатқанын айтты.


– Бұл істі тездетіп тәмамдамасақ, ұят болды, – деді ол.


Сонымен, шаһар басшысының айтуынша, соңғы мерзім – 15 желтоқсан.


Айта кетейік, көпірде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив