KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Зайсан ауданындағы көпбалалы отбасыларға баспана кілті табысталды

pixabay.com

2.06.2024, 12:00 160 Назерке Каримова

«Бір қабатты шығыс» бағдарламасы аясында Кеңсай ауылындағы көпбалалы отбасылар баспаналы болды.

Баспана кілттерін табыстаған аудан әкімінің орынбасары Ришат Рамазанов пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева жаңа қоныс иелерін құттықтап, ізгі тілектерін білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әжелер шашу шашып, баталарын берді. Жаңа баспаналардың лентасы қиылып, ресми түрде қолданысқа енгізілді.

Үйлердің құрылысын сапалы аяқтаған мердігер Рауан Мамырханұлына аудан әкімінің атынан алғыс хат тапсырылып, ол өз кезегінде көпбалалы 4 отбасының балаларына сыйлықтар табыс етті.

Шара соңы ауыл өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив