KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Риддер күніне орай көпбалалы отбасылар баспаналы болды

2.06.2024, 11:00 121 Назерке Каримова

Риддер қаласының құрылғанына 238 жыл тллып отыр.

Осыған орай жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 10 көпбалалы отбасыға жаңа үйлердің кілті табысталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа үйлер Ботаника 3-шағын ауданында «Бір қабатты шығыс» бағдарламасы бойынша бой көтерген.

Жергілікті әкімдік ақпаратына сүйенсек, жалпы жоба құны 340 млн теңге. Екі пәтерлі 10 үйдің құрылысына қаржы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген.

-  «Ботаника» Риддердегі экологиялық таза аудандардың бірі. Әр үйдің ауласы 10 сотық. Үй пешпен жылытылады, болашақта қалалық әкімдік бұл үйлерді орталық кәріз жүйесіне қоспақ, - деді мердігердік құрылыс компаниясының өкілі Елена Маслакова.


Әр үйдің ауданы 80 шаршы метр, үш бөлмелі. Сонымен қатар, ас бөлмесі, от жағатын бөлмесі бөлек және жуынатын бөлме бар. Барлық баспана тұрғындарға толықтай дайын қалпында табысталды.

- Жаңа баспанаға ие болғанымызға қуаныштымыз. Біз баспана кезегінде 2015 жылдан бері тұрмыз. Отбасымызда өзіміздің бес бала мен асырап алған бес бала бар. Өз үйіміз болатынына бақыттымыз, барлық көмектескен жандарға алғыс айтамын, - дейді «Алтын алқа» иегері Марина Соболева.


Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Байжұменовтің сөзіне сүйенсек, бұл жолы 10 көпбалалы отбасыға баспана кілттері табысталады. Ал қалған 10 отбасыға кілттер 1 қыркүйекте табысталмақ. Келер жылы тағы ба  екі пәтерлі 10 үй салынады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив