KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СШ
488.91 532.62 5

Әйгілі каскадер Байкенже (Байкал) Белбаев Аягөзде туған

27.11.2018, 02:50 82

Театр және кино актері, қазақтың тұңғыш каскадері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Байкенже (Байкал) Белбаев 1951 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген.


Ол СССР кинематографистер одағының мүшесі. «Құрмет» орденінің иегері. Алматы эстрада-цирк студиясының акробатика-гимнастика бөлімінде, Щепкин атындағы Мәскеу театр училишесінің актерлік факультетінде білім алған.


Оның режиссер М.Кәрібозовтың «Сағым» фильміндегі бас кейіпкері, Б.Қалымбетовтің «Сардар» картинасындағы қалмақ колбасшысы, Р.Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильміндегі есепші Тойбай, С.Тәуекелдің «Махамбеттің семсері» картинасындағы Ықылас, ресейлік режиссерлер Е.Кончаловскийдің «А»-ға қайта оралу», Э.Оразбаевтың «Афалинаның қарғуы» фильмдеріндегі кейіпкерлері елімізге танымал, көрермен көңілін баурап алған бейнелер. «Афалинаның қарғуы» фильміндегі ролі оның актерлік шеберлік пен каскадерлік өнерді қатар меңгергенін көрсетті.


Ол режиссер Эльдар Оразбаевтың «Выбор»(«Таңдау») кинокартинасынан кейін «Транссібір экспресі» фильміне түскен. Алайда, қызығы Байкал Белбаев мұнда Наталья Аринбарованың кейіпкерінің дублері болады. Естеріңізде болса, «Транссібір экспресінде» Н. Аринбасарованың кейіпкері «Аға! Аға, ана мұртты...мұртты!» деп пойызбен жарыса шауып келе жатып, ат-матымен мұрттай ұшатын жері бар ғой. Сол жерде Байкал ағамыз оның дублері болады. Яғни, аттан құлаған Аринбасарова емес, каскадер Белбаев болатын. Осыдан кейін ол Ресей, қырғыз каскадерлерімен бірлесе жұмыс жасай бастайды. Әрине, өмір бір орнында тұрмайды. Каскадерлік трюктердің де деңгейі биіктейді. Демек, өсу бар, өркендеу бар. Киноәртіс Ерік Жолжақсыновпен серіктесе де еңбек етеді. «Көшпенділер» фильміндегі трюктерді орындады.


Байкенже (Байкал) Белбаев түскен көптеген фильмдер жоғары бағаланды. Мәселен, «Афалинаның қарғуы» кинокартинасы 2010 жылы сәуір айында Мәскеуде өткізілген детективті фильмдердің XII фестивалінде «Көркем детектив фильм» саласы бойынша бас жүлдеге ие болып, сол жылы желтоқсан айында Киевте өткізілген «Алтын Георгий» фестивалінде «Үздік сценарий үшін» санаты бойынша жеңімпаз атанды.Бұдан кейін ол Семей полигонында сутегі бомбасын сынақтан өткізудің зардабы туралы Павел Чухрайдың «Мәскеу-400» деп аталатын картинасына түсті.


Бүгінгі күні ол каскадерлік пен киноактерлікті қатар алып келе жатқан жан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив