KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейде желдің салдарынан төрт вагон рельстен шығып кетті

25.11.2018, 06:43 146

Жаңа Семей станциясында төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы  "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" АҚ мәлімдейді.


Оқиға кеше, 24 қараша күні сағат 16.30-да Жаңа Семей іріктеу станциясының жолдарында болды. Вагондардың рельстен шығып кетуіне желдің күшеюі себеп болған деседі.


Анықталғандай, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, компания оқиғаның пойыздың қозғалысына әсер етпегенін айтады. Вагондарды жедел орнына қайтарылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив