ШҚО прокуратурасы жылу бағасының тарифтерін азайтуға ықпал етті
Бас прокуратураның тапсырмасы аясында қадағалау органы 2015-2017 жылдар аралығындағы жылумен қамту қызметтеріне тарифтерді есептеу заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тексеру барысында көптеген бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде 2018 жылдың 1 тамызында Семей қаласында, Глубокое және Ұлан аудандарында жылумен қамтуға өтемдік тарифтер енгізілді.
Нәтижесінде Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнының жылуды өндіру, тапсыру, бөлу және қамту тарифтері тұрғындар үшін жалпы 2,76 %- ға азайтылды.
Сәйкесінше Глубокое ауданында тариф 5,51 %, ал Ұлан ауданында 1,83% - ға төмендетілді. Өтемдік тарифтердің қолданылу мерзімі - 1 жыл.