KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Toyota компаниясы Королланың 12-ші буынын сатылымға шығарады

19.11.2018, 12:01 74

Toyota компаниясы осы жылы әлемдегі ең көп сатылған мәшиненің жаңа түрін, яғни Королланың 12-інші буынын таныстырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Колеса.кз сайтына сілтеме жасап.


Бұл көлік түрінің хетчбек, әмбебап кузовтары әлемге бұрыннан белгілі. Енді седан кузовы шығарыла бастады. Көлік Гуанчжоу автосалонында алғашқы сыннан өтті.


Седан Королла бұрынғысынан 10 мм (4 640 мм) ұзынырақ, 5 мм (1 780 мм) жалпағырақ және 45 мм (1 435 мм) аласалау болады. Бірақ дөңгелегі сол күйі өзгермейді.


Айта кетейік, седанның өзінің екі түрі бар. Біріншісі – Levin спорттық болса, екіншісі Prestige одан қарағанда сәл-пәл жинақылау келеді.


Айтпақшы, шығарушы тарап мәшиненің моторы хақында тіс жармауды ұйғарыпты. Толығырақ осы айдың соңына қарай айта түсеміз дейді олар.



Сужаңа көлік АҚШ пен Еуропада көктемнен бастап сатыла бастайды. Ал қалған елдерге 2019 жылдың екінші жартысында жол тартады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив