KZ
Өскемен
+19°
дождь жел 2 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Семей тұрғыны ата-аналық құқығынан 4 рет айырылды

19.11.2018, 04:42 104

Семейдің 37 жастағы тұрғыны ащы суға байланысты төртінші рет ата-аналық құқығынан айырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Семей телеарнасын нұсқап.


Оның төрт баласы қазіргі уақытта балалар үйінде. 2007 жылы дүниеге келген балалардың үлкеніне жуықта операция жасалыпты. Денесінде ісік болғанға ұқсайды. Ал кенже қызы биыл сәуірде дүниеге келген. Ол туғанынан мерез ауруымен ауырады екен.


Айта кетейік, Семейдің 37 жастағы тұрғыны, яғни балалардың шешесі 2016 жылдан бері ішімдікке салынғандардың тізімінде тіркеулі.


Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі №2 ауданаралық мамандандырылған соттың мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері 71 адам ата-ана құқығынан айырылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив