KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, СБ
464.72 496.32 5.4

Семейдің тұрғыны 1,5 млн теңгесін таксиде қалдырып кеткен

14.11.2018, 04:23 105

Семей тұрғыны ішінде 1,5 млн теңгесі бар жоғалған пакетті иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


102 нөміріне қатты абыржулы Семей қаласының тұрғыны хабарласқан. Зардап шегушінің айтуынша, ол ВАЗ-2107 автокөлігінің салонында пакетін қалдырып кеткен.


Ер адам өзін Әуезов даңғылына жеткізіп салған автокөліктің түсін де, нөмірін де есіне сақтап қалмаған. Алайда, полиция қызметкерлері келгенге дейін көлігінде қалып қойған пакетті тауып алған  қала тұрғыны ақшаны иесіне қайтарып берген.


«Өмірде мейірімді жандар аз емес екен», - деп атап өтті полицияда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив