KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 4,5 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

«Шығыстың» жауынгері Батыс Сахарада бітімгерлік миссиясын орындады

13.11.2018, 08:24 148

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкері, подполковник Ерлан Жортанов, Қазақстанның бітімгерлік әскерінің құрамында халықаралық борышын орындады. Атап айтқанда, отандасымыз әскери бақылаушы ретінде Батыс Сахарадағы референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті.


 Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі болғандықтан, халықаралық міндеттерді де орындауға тиісті. Осының қатарына бітімгерлік борышта жатады. Қазақ сарбаздары БҰҰ-ның әйгілі «Көк дулығалар» («Голубые каски») құрамында Африка құрлығында бейбіт миссиясын атқарып келді. «Шығыс» ӨҚ қызметкері Ерлан Жортанов Батыс Сахарада бір жыл бойы өз міндетін атқарды. Осы уақыт аралығында ол әскери бақылаушылар базасының командирі атанып, халықаралық контингетке жетекшілік жасады.


-Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатыса отырып, пайдалы тәжірибе жинақтадым және алған біліммен бөлісуге дайынмын. Батыс Сахарадағы миссияға қатысқан бұрынғы офицерлер өздерін кәсіби және тәжірибелі мамандар ретінде көрсете білді. Миссияда әскери бақылаушылар белгілі бір тапсырмаларды орындады. Айтатын болсақ, тыныштықтың сақталуын қадағалау, бөлінген аумақтағы жағдайды бақылау. Сондай-ақ шөлді жерлерде басқаруды, өзара іс-қимылды және жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері. Әр мемлекеттің әскери қызметшілері бір базада болдық, - дейді Ерлан Жортанов.


Бүгінде Батыс Сахарада, сол секілді Ливанда БҰҰ-дың миссиясына әскери бақылаушы ретінде Қазақстанның контингенті тиісті міндеттерін орындау үстінде. Халықаралық ұйым, Алаш жауынгерлерінің кәсібилігіне жоғары бағасын берген екен. Әлемдегі тұрақтылықты орнатуға қосқан үлестері үшін отандық бітімгершілер арнайы медальдар және өзге де марапаттарға ие болды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив