Қазақстан Қытайға астық пен табиғи газ, жүн өнімдерін экспорттап отыр
Қытай елінен бізге негізінен жеміс-жидек пен электрондық техника, киім-кешек келеді екен. Ал аспан асты еліне Қазақстан астық пен табиғи газ, жүн өнімдерін жөнелтіп отыр. Екі ел арасындағы экспорт пен импорт көлемі 386 мың тоннаға жеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сондай-ақ, Қытайдың тауарлары да Еуропаға Қазақстан арқылы шығады. Кеден қызметінің мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде осы бағытта біздің ел арқылы 3700-ден астам пойыз қатынайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 65%-ға көп.
Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-логистикалық байланыстың артуына жаңа автомагистраль мен «Нұр жол» бақылау бекетінің ашылуы септігін тигізген. Екі ел арасындағы экспорт пен импорт көлемінің артуына да осы фактор әсер етті.