KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Семейге жуықта Boeing, Airbus ұшақтары қонады

10.11.2018, 07:26 126

 


Облыс әкімі Даниал Ахметовтың жұмыс сапары Семей әуежайынан басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Әуежайдың жөндеу жұмыстары 2016 жылы желтоқсан айында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша басталған. Қазіргі уақытта әуежай облысаралық және ауданаралық сапарларды қолға алған. Қыркүйек айынан бастап «Өскемен-Семей-Үржар», «Семей-Астана», «Семей-Алматы» бағыттары бойынша Ан-24 ұшағы әуе қатынастарын жасап отыр.


Мұндағы қызмет ИКАО, яғни халықаралық  авиация талаптарына сай болмақ.  «В» класс деңгейіне сәйкес жолаушыларды Boeing, Airbus, ИЛ-76 ұшақтары тасымалдай алады.  Облыс басшысы әуежай толық жөнделсе тәулігіне 25-30 рейс, сағатына 200 жолаушы сапар шегетін халықаралық әуе қатынастарына жол кеңейетіндігін жеткізді.


-Мына әуежайдың ішіндегі сұрғылт бояуларды ауыстырыңыздар. Әуежайдың едені, төбесі,қабырғалары қалай болса солай емес, бір қалыпты мәдениетті үлгіде болуы керек, -деп біраз сын айтты облыс әкім Даниал Ахметов.


«Терезе» мердігер компаниясының басшысы Лұқбек Тұмашиновтың айтуынша, жақында ғана қалалық мәслихатта 300 млн теңге әрлеу жұмыстарына бөлінетіндігі туралы шешім қабылданды. Енді тендер өтсе, әуежай жұмысы толығымен аяқталмақ.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив