KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семей әуежейы іске қосылды

6.09.2018, 11:54 123


Семей әуежайы қайта жөндеуден өтті. Ол енді халықаралық талаптардың бәріне сай. 2016 жылы басталған бұл жұмысқа «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 10 миллиард теңге қаражат бөлінгендігін айта кетейік.



Халықаралық әуежайдың жердегі қызмет жетекшісі Марат Жақсылықовтың сөзінше, ұшақ жолына монолитті бетон төселіп, ені 45 метрге кеңейтіліпті.


– Негізгі жұмыстар аяқталды. Ауласын абаттандырып жатырмыз. Бізге бұрынғыдай Астана мен Алматы ұшақтары, сондай-ақ жақын елдерден ұшақтар келіп қонады. Болашақта семейліктер Түркия мен басқа да Батыс Еуропа елдеріне ұшып бара алады деп үміттенеміз, – дейді Марат Жақсылықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив