KZ
Өскемен
+16°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
441.58 480 4.86

ШҚО-да тауық еті мен жұмыртқа қымбаттады

9.11.2018, 10:56 213

Қыркүйек-қазан айларында тауық еті мен жұмыртқа қыбаттап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Баға өсімін облыстық ауылшаруашылық басқармасы растап отыр. Оның себебі құрама азық (комбикорм) пен ветеринарлық препараттардың қымбаттауымен байланысты екен.


Нақтылап айтқанда, соңғы екі айда тауық еті орташа алғанда 10,5 пайызға, жұмыртқа – 15,5 пайызға қымбаттаған. Ал құрама азықтың бағасы ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері 16 пайызға өскен.


Тауық етінің келісі бөлшек саудадағы орташа бағасы қазір 774 теңгені құрап отыр.


Аймақта ет өндіретін төрт құс фабрикасы бар. Осы жылдың сегіз айында облыстағы қосалқы шаруашылықтарда 117 174 мың дана жұмыртқа өндіріліпті. Ал аймақ тұрғындарының тұтынатын мөлшері – 366 257 мың дана. Яғни, облыс бұл өніммен 32 пайызға ғана қамтылған.


Сол себепті ШҚО-ға Алматы, Қарағанды облыстарынан және Ресейден жұмыртқа әкелінеді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив