Семейдегі мектеп бітіруші түлектердің Ресейге неге кетіп жатқаны айтылды
Семейдегі Экономикалық лицейде қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенконың төрағалығымен ата-аналар комитеті және тәрбие, білім мәселесіне орай қоғамдық тыңдау өтті. Бұл төрт жылда бір рет өтуіс тиіс жиын екен. Кеңесте көптеген проблемалар талқыланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Мектеп асханасындағы балаларға берілетін астың дұрыс болуын қадағайлайтын арнайы мониторинг топ құрдық,-деді Семей қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенко.- Ата-аналарды осы мониторинг құрамына кіруге шақырамыз. Бүгін сіздер, мына шараға қатысушы қала мектептерінің асхана қызметкерлеріне «Тамақты неге дұрыс дайындамайсыңдар? Сапасы неге төмен?» деп бетпе-бет келіп айтуыларыңызға болады.
- Семейдегі мектеп бітірген түлектер жыл сайын топ-тобымен Ресейге кетіп жатыр. Олар жыл бойы мектеп ішілік ҰБТ емтихандарынан 90-нан аса бал алып шығады. Ал жоғарғы оқу орнына барған кезде не себептен екені белгісіз көрсеткіштері төмендеп қалады. Сондықтан түлектеріміздің өз елімізде қалуына бір көмек жасасаңыздар,-деді ата-ана Лилия Викторовна.
-Иә, бұндай проблема бар,-деді жиынға төрағалық етуші Наталия Фесенко,- мектеп бітіргендер Ресейдің көрші Барнаул қаласына түсуді әдетке айналдырған. Онда білім беру деңгейі МГУ-мен бірдей емес әрине. Қазақстандық оқушылардың Қазақстан жерінде білім алуы үшін олардың бір жыл бойы мектепте тапсырған емтихандары да есепке алынуы тиіс. Бұны біз қолдаймыз. Болашақта бір оңтайлы шешімі жасалады.