KZ
Өскемен
+11°
небольшая облачность жел 1 м/с, СШ
439.43 473.31 4.82

Балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы өседі

1.11.2018, 09:03 226

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Министрдің айтуынша, мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту бойынша Жол картасында ұлттық біліктік тесті мен бірыңғай талаптарды енгізу туралы ұсыныстар бар екен. Осыған байланысты тәрбиешілердің еңбекақысы  алдағы уақытта 30-дан 50 пайызға дейін көтерілмек.


Сондай-ақ, балабақшаларға мамандарды тарту мақсатында түрлі шаралар қарастырылыпты. Атап айтқанда, балабақша меңгерушісі қызметіне үміткерлердің жұмыс өтілі үш жылға дейін қысқартылды. Бұған дейін бес жыл жұмыс өтілі талап етілетін. Барлық тәрбиешілер санат алу үшін аттестациядан өтетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив