KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Тегін дәрі-дәрмек үшін бірыңғай қысқа нөмір іске қосылды

1.11.2018, 07:10 177

Тегін-дәрмекке қатысты сауалдар бойынша «1439» бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Байланыс орталығының операторлары амбулаторлық ем алатындарға тегін босатылатын дәрі-дәрмектердің жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы толық ақпарат береді.


«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, аталмыш байланыс қызметі дәрі жеткізу жөнінде халықты хабардар етумен қатар препараттардың не себепті кешіктірілетінін де түсіндіреді.


Сондай-ақ, бірыңғай дистрибьютордың сайтында келер жылы 1 қаңтардан бастап дәрі-дәрмектің емханаларда бар-жоғы туралы ақпарат беретін электрондық анықтамалық іске қосылмақ.


Бұл анықтама арқылы емделушілерге онлайн режимде дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректер қолжетімді болады: қандай дәрі-дәрмекке қай медициналық мекемеден өтінім берілген, онда қашан және қандай көлемде дәрілер түскен, олардың қазіргі уақытта бар не жоқ екенін, дәрі-дәрмектің келесі жеткізу мерзімі қашан және т.с.с. деректер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив