KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Тегін дәрі-дәрмекті қайдан алуға болады?

7.02.2018, 09:03 110

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ильяс Мұхамеджанның берген мәліметтеріне сүйенсек, енді ауруханалардан қажетті тегін препараттар туралы өтініштерді жинап, оларды сатып алу және жеткізумен Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылдың 27 тамызындағы №666 бұйрығы негізінде бірегей тасымалдаушы «СК-Фармация» ЖШС айналысады.


-Биылдан бастап тегін дәрілік препараттар тұтынушыларға бекітілген жеріндегі алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдардың жанындағы дәріханалық пункттерде берілетін болады. Соған орай қазір ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр, таяуда аяқталуға тиіс, - деді Ильяс Мұхамеджан.

Өскемендегі №2 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Лиза Қасымханованың айтуына қарағанда,  медициналық мекеме тегін дәрілерді босатудың жаңа жүйесіне толықтай дайын.  Ғимаратта кепілдендірілген көлем шеңберінде рецепт бойынша тегін препараттар берілетін дәріханалық пункт бар. Барлығы әзір, тек дәрілердің келуін ғана күтіп тұр.


Бірегей тасымалдаушы «СК-Фармация» ЖШС 25 қаңтардан бастап  тегін дәрі-дәрмектерді аймақтарға жөнелтуді бастады.  Енді дистрибьютордың сайтынан қандай препараттардың жеткізілгені туралы мәліметтерді көріп отыруға болады.  «СК-Фармация»  сайтының  нақты қандай препараттардың жөнелтілгені туралы файлдар орналастырылған бетіне интернеттегі мына сілтемес арқылы кіруге болады:  http://www.sk-pharmacy.kz/rus/press-centr/zakup_ls_i_imn_na_2018_god_rus/.


-Біз пациенттер үшін өз аймақтарынан қажетті дәрі-дәрмекке өтініш түскен-түспегенін, дәріханалық пункттерге жеткізілгенін білу маңызды екенін түсінеміз.  Сол себепті барлық мәліметтерді ашық көрсету туралы шешім қабылданды, - деген «СК-Фармация»    басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмұханованың сөздерін республикалық ақпарат агенттіктері таратқан болатын.

Ақпарат күн сайын жаңартылып отыратыны маңызды.


Егер бұрын тегін медициналық препараттар мен балалардың тамағына қатысты арыз-өтініштерін шығысқазақстандықтар облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмек бөліміне жолдап келсе, енді шағымдарды қабылдаушының мекенжайы өзгерді. Барлық шағымдарды пациент өзі  бекітілген отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға тікелей жолдауы керек.


Сондай-ақ «СК-Фармация»    сайтында орналастырылған телефондарға хабарласып, препараттардың дәріханалық пункттерге қашан түсетінін анықтауға болады. Оқырмандарға қолайлы болу үшін, біз бұл  ақпаратты да қоса жариялап отырмыз.





Отбасылық-дәрігерлік амбулатория мекенжайы


Телефон




Семей, Шәкәрім даңғылы, 2б


 


8 (7222) 56-69-46, 56-85-07




Семей, Жамақаев к-сі, 100


 


8 (7222) 52-17-24




Семей,  Т.Құтжанов к-сі, 3


 


8 (7222) 77-44-22




Семей, Засядко к-сі, 91


 


8 (7222) 50-54-76




Семей, Дулатов к-сі, 282


 


8 (7222) 54-17-46




Семей, Шәкәрім даңғылы, 149


 


8-(7222)-50-60-47




Семей, Байтұрсынов к-сі, 27


 


8 (7222) 34-14-38




Семей, Культурная к-сі, 22


 


8 (7222) 31-23-77




Семей, Стаханов к-сі, 17


 


8 (7222) 35-07-15




Өскемен, Серікбаев к-сі, 1


 


8 (7232) 76-64-36, 76-59-56 факс




Өскемен, Абай даңғылы, 18


 


8 (7232) 75-27-93




Өскемен, К. Сәтпаев даңғылы, 34/1


 


8 (7232) 21-08-80




Өскемен, Әуезов даңғылы, 18


 


8(7232)25-12-52




Өскемен, Буров к-сі,  61 үй


 


8 (7232) 26-28-22




Өскемен, Грузин к-сі, 3


 


8 (7232) 77-20-62




Өскемен,  Меновное ауылы, М.Горький к-сі, 11/9


 


8 (7232) 57-45-02




Өскемен, Октябрь к-сі, 133


 


 8 (7232) 50-23-75




Өскемен,  Согра к-сі, 223/8


 


8 (7232) 23-35-09, 23-31-15




Өскемен, Белинский к-сі, 36


 


8 (7232) 78-45-30




 


Бұдан басқа, «СК-Фармация» ЖШС-де амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету жүйесін қолдаудың  жедел желісі жұмыс істейді.  Мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 57-12-83, 8 (7172) 23-52-10, 8 (7172) 55-97-02, 8 (7172) 23-50-91.


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив