KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Бүгін жолға шығу қауіпті (фото, видео)

31.10.2018, 10:35 268

Бүгін Шығыс Қазақстанда қар жауып қалды. Осыған байланысты тас жолдардағы жағдай  қауіпті бола түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аймақтағы Осинов, Өмеш асуларында түнімен қар жауып, жолдары көктайғақ болып жатыр. Сондықтан, мезгілге сай дөңгелектерін ауыстырып үлгермеген жүргізушілердің жолға шықпағаны жөн болар.


Айта кетсек, Осинов асуында шағын автобус пен жүк көлігі жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Десе де, абай болыңыздар.


[caption id="attachment_44114" align="alignnone" width="616"] Фотосурет әлеуметтік желіден алынды[/caption]



Бейнежазба: osa_uka_vko

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив