KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Кәсіпкерлерге өтініш, жалақы өсті деп, бағаны көтермеңіздер – Министр

31.10.2018, 10:04 223

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандық кәсіпкерлер мен өндірушілерге үндеу жасады. Министр Президенттің жалақыны өсіру туралы заңынан кейін бағаны көтермеуді сұрады, деп хабарлайды  Алтайньюс тілшісі.


– Бизнесмендерімізге, ірі және ұсақ сауда желілеріне үндеу жасағым келеді. Біз жалақы өсті деп бағаны көтермеуіміз керек. (...) Жалпы экономикамыз өсті, бірақ әр адамның табысы өсті деп айта алмаймыз. Сондықтан қазір осындай шешім шығардық. Халықтың нақты табысы экономика өсіміне сәйкес болуы үшін осылай жасап жатырмыз, – деп түсіндірді Сүлейменов.


Министр кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілік танытып, бағаны көтермейтініне сенетінін айтты.


– Біздің барлық кәсіпкерге өтініш, осы жақсы бір өзгерісті дұрыс қабылдаңыздар. Бағаны көтерудің қажеті жоқ, – деді ұлттық экономика министрі.


Сүлейменов уәкілетті органдардың баға өсімін қатаң қадағалайтынын ескертті.


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив