Тимур Сүлейменов: Тарифтерді 30 пайызға арзандата алмаймыз
ҚР Үкіметі отырысының қорытынды баспасөз жиынында, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов журналистер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Министрдің айтуынша, табиғи монополия субъектілері белгіленген заң аясында жұмыс істеп отыр. Ал бағаны шектен тыс көтергендерге әкімшілік тетіктер арқылы шара қолданылмақ.
- Біз табиғи монополия субъектілерінің тарифін 30 пайызға қиып тастай алмаймыз. Олай болмайды. Олар да кәсіпкер, олар да өз жұмыстарын жүргізіп отыр және белгілі Кодекстермен қорғалған. Үйіміздегі жылу мен жарықтың барлығын беріп отырған да солар. Тариф құнын түсіру олардың өз шығындарымен есептеледі, яғни генрация, қуатты жеткізу, тарату жұмыстарындағы тарифтік сметаға байланысты. Егер осы жерден заң бұзушылық тапсақ, әрине шара қолданамыз,-деді министр.