KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда желілік бизнес салық төлеуге міндеттеледі

29.10.2018, 07:40 99

Тауарларын ғаламтор арқылы сататын кәсіпкерлерге салықты тіркеу үшін он күн уақыт берілді. Бұл - «көлеңкедегі» бизнеспен күрес жүргізу аясында атқарылып отырған іс-шара, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазақстандық нарықта салық төлемей, ғаламтор арқылы жұмыс істейтін компаниялар көптен бері алаңдатушылық тудырып келеді. Олардың тауарлары сертификаттаудан өтпейтіні белгілі.


Қазіргі таңда әлеуметтік желіден мұндай компанияларды, олардың қызметі мен әрекеттерін, қатысушыларын анықтау аса қиын шаруа емес. Осы орайда әлеуметтік желілерге талдау жасалып, анықталған кәсіпкерлер салық төлеуге міндеттелетін болды.


Берілген уақыт ішінде олар бұзушылық фактілерін өз еріктерімен жоймаса, компанияның өкілдеріне қатысты салықтық тексерулер жүргізіледі.


Салық салынатын кірісті жасыру фактісі үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұлмен қатар қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған екен.


Сондай-ақ, қазақстандықтар кез келген тауарды сатып алу кезінде (интернет арқылы да) сатушыдан чек талап ету қажет екені туралы ескертіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив