KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да заңсыз балық тасымалдаған көлік ұсталды

28.10.2018, 09:53 94

Тәртіп сақшылары Көкпекті-Васильев өткелі автожолында шетелдік маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көліктен жарты тонна балық табылып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ШҚО ІІД  жүргізген «Браконьер» жедел-алдын алу шараларының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша белгілі болып отыр.


Бес күнде 154 құқық бұзу фактілері тіркеліпті. Оның ішінде 82 факті аңшылық ережелерін бұзу, 49 – су жануарларын заңсыз жолмен ұстау және балық аулау ережелерін бұзу.


20 қазан күні сағат түнгі бірлер шамасында Көкпекиі-Васильев өткелінде полицейлер «Toyota Hilux Surf» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көліктен 582 келі балық табылып отыр. 28 жастағы жүргізушіде тасымалдап бара жатқан тауарының тиісті құжаттары болмай шықты.


Залал мөлшері 200 мың теңгеге жуық соманы құрады.


-Өскемен тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп мәлімдеді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив