Бородулиха тұрғыны 8 қап балықты заңсыз аулаған
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ағымдағы жылдың 7 ақпанында сағат 22:20 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолын патрульдеу кезінде «Тойота» маркалы автокөлігін тәртіп сақшылары тоқтатқан.
Құжаттарын тексеру барысында Бородулиха ауданының 43 жастағы тұрғыны Көкпекті ауылынан Семей қаласына жол жүріп бара жатқаны және өз көлігінде тиісті құжаттарсыз 8 қап балық тасымалдап жатқаны анықталды. Келтірілген шығын 213 000 теңгені құрады. Жауап алу барысында балықты Семей қаласында одан әрі сатуға үшін апара жатқаны белгілі болды.
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 1-бөлігі –«Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша 43 жастағы ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Ер адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.