KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша ЕЭО елдері ішінде 3 орында тұр

24.10.2018, 06:23 261

2018 жылдың үш тоқсанында Қазақстанда интернет-провайдерлер қызметінің көлемі 180,5 миллиард теңгеге жетті, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда, 6,7%-ға жоғары, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары мәлімдеді.


Республика бойынша тиянақталған интернетке жоғарыжылдамдықты қосылу абоненттерінің ең көп шоғыры Астанада тіркелген – 675,3 мың. Екінші орында – Алматы, 354,5 мың абонент. Үшінші орында – Алматы облысы, мұнда интернет абоненттерінің саны 173,1 мың.


Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан әлемдік рейтингтің 57-орнында. Орташа жылдамдық – секундына 28,9 Мегабит. Рейтингтің алғашқы ондығына Сингапур, Исландия, Гонконг, Румыния, Венгрия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Швейцария, Испания, Швеция кіреді. Сингапурде интернеттің орташа жылдамдығы – секундына 184 Мегабит. Қазақстан Еуразия экономикалық одағы елдері арасында бұл жағынан үшінші орында тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив