Өскемендегі үйлер неге жарықсыз отыр?
Өскеменде белгісіз апат салдарынан бірқатар көше жарықсыз қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындар бірер сағат бұрын «АДК» гипермаркетінің жанындағы әлдебір үй-жайдың түтіндеп жатқанын байқапты. Оқиға куәгерлерінің айтуы бойынша, әуелі тарс-тұрс дыбыс естілген. Содан кейін трансформатордың түтіндеп жатқанын байқаған.
Абырой болғанда өрт шықпады. Түтін көп ұзамай басылған көрінеді.
– Өрт сөндірушілер аталмыш жерге барған жоқ. 101-ге ешқандай қоңырау түспеді. Бәлкім жай ғана электр сымдары тұйықталып, Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясының қызметкерлері мәселені өздері шешкен болар, – деді ТЖБ баспасөз қызметі.
Ал энергетика компаниясы «Востокмашзаводқа» тиесілі қосалқы станцияның сымдар желісі тұйықталып қалғанын растады. Қызметкерлер көп ұзамай Ворошилов көшесіндегі бірнеше үйді жарыққа қосты.
ШҚ АЭК баспасөз қызметі қалған үйлердің де жарықсыз қалмайтынын жеткізді.