KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО әкімдігінің атын жамылып пәтер сатқан алаяқ ұсталды

16.10.2018, 11:03 97

Полицияға қаланың 27 жастағы тұрғыны арызданып, облыстық әкімдіктің қызметкері арзанға пәтер сатып алуды ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Ол 12-қабатты үй жобасының қолжазбалық нұсқасы мен сызбаларын көрсеткен, -деп мәлімдейді Өскемен ІІБ баспасөз қызметі. – Сендіру үшін, тіпті, құрылыс орнына ертіп апарып, 20 000 000 теңгеге үш бөлмелі пәтер алып беруге уәде етіпті.


Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, нақты осы азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша жеті арыз түскен екен.


Анықталғандай, 31 жастағы ер адам өзін басқарушы бөлімнің маманы ретінде таныстырып, баспана бөлу мәселесі оның құзыретінде екеніне сендірген. Қазіргі уақытта келтірілген залалдың жалпы сомасы 60 000 000 теңгені құрап отыр.


Тергеу барысында «пәтер таратушы» маманның облыстық әкімдікке еш қатысы жоқ екені және мемлекеттік қызмет құрылымында жұмыс істемегені белгілі болды.


Алаяқ құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. «Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив