ШҚО-да куәлігі жоқ жүргізуші әкімдіктің ғимаратына соғылды
Куәлігі жоқ жүргізуші әкімдіктің ғимаратына соғылып, оқиға орнынан ізін суытты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 14 шілдеде Зырян ауданында орын алған. Ер адам көлік тізгініне ие бола алмай, Тұрғысын ауылдық округінің әкімдігі аппаратының ғимаратына соғылады. Кейін анықталғандай, оның жүргізуші куәлігі де болмаған екен.
Бұл әкімшілік іс Зырян аудандық сотында қаралып отыр. Сот шешімі бойынша, куәліксіз жүргізушіге 60 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Оқи отырыңыз