KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

70-тен асқан ақсақал ұсталық өнерді әлі күнге дейін ұстанып келе жатыр

15.10.2018, 04:22 125

Аягөз қаласының тұрғыны «Темірден түйін түйген» Қасқырбай Бейсекенов ақсақал жасы 70-тен асса да әлі күнге дейін көрік басып, жастарды осы өнерге үйретіп келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ұмытылып бара жатқан ұсталық ол үшін үлкен өнер.Көк темірді сағызша созып, нанша илеген ол бар білгенін кейінгі жастарға үйретуен жалыққан емес. Аула ішіндегі ұста дүкенінде Қасқырбай ақсақал тапсырыс беген ағайынға таға, қалақ, көсеу, шегесуырғыш т.б. тұрмысқа қажетті заттарды жасайды. Ал перзентін осы өнердің қыр-сырына үйретем дегендер болса, Қасқырбай Бейсекенов одан да аянып қалған емес.


-Немересін, баласын ертіп әкеп, ұсталыққа үретіп жүрген жандар бар,-дейді ол, -Мәселен, жуырда ғана өзімнің тай-құлындай тебісіп бірге өскен досым Көкенай өзінің немересін жетектеп әкеліп, маған табыстады. Ұсталық -бұл өзі ұмытылып бара жатқан өнер ғой. Оның қыр-сырын кейінгі буынға біз үйретпесек, кім үйретеді...


70-тен асса да жерге қарап отырмаған Қасқырбай ағаның бұл ісі шынында көпке үлгі болып отыр

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив