KZ
Өскемен
+35°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Әжесі мен немересін бір ажалдан құтқарып қалды

6.02.2018, 09:46 96

Семейде өрт сөндірушілер әжесі мен немересін бір ажалдан құтқарып қалды. 


Жеке үйлерді аула-аула бойынша аралап, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы әңгіме өткізіп жүрген №7 өрт сөндіру бөлімшесінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғаныстың лейтенанты  Бейбіт Күзембаев пен қатардағы өрт сөндіруші Дастан Қылышбеков  жеке үйлердің бірінің төбесінен түтін шығып жатқанын байқап қалады.      


Құтқарушылар  дереу үйді тексеруді ұйғарады. Ғимаратқа енген құтқарушылар үйдің ішін түтін жайлағанын, өрт шығу қаупі жоғары екенін аңғарады. Шалт қимылдаған мамандар қария мен немересін жедел түрде таза ауаға алып шығып, осылайша оларды иіс тиюден аман алып қалады.


Одан кейін өрт сөндіру қызметіне хабарласып, түтіннің шығу себебін анықтауға кіріседі. Төбені ашқан кезде, мамандар мұржаның кірпішпен қаланған тұсы бұзылып, ағаш құрандылардың жануына әкеп соққанын анықтайды.


Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өртке жол берілмей, егде әйел мен немересі иіс тиюден аман қалды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив