KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 2 м/с, В
443.44 480.51 4.88

«Кездессең ұрлана қараймын, Асаудай тулайды жас жүрек...» Әйтен қызға арналған екен

12.10.2018, 03:47 263

«Кездессең ұрлана қараймын, Асаудай тулайды жас жүрек...» деп басталатын «Жас қалам» әні күллі әнсүйер қауымға жақсы таныс. Әннің сөзін жазған Төлеубек Жақыпбайұлы. Бірақ, осынау махаббат жыры кімге, қандай аруға арналған? Осы әннің шығуына куәгерлер, бүгінде көзі тірі ақын Жабайыл Бейсеннен сұрадық:


- Қазір кейбір баспа беттерінде өлең жолдары Розалия атты сұлуға арналған деген жаңсақ пікір бар. Әннің сөзі Әйтен қызға арналған. Біз Төлеубек ақынмен Шәуешек гимназиясында бірге оқыдық. Кейін Үрімжідегі Янхань көшесіндегі Қажығұмар Шабдановтың үйінде бірге тұрдық. -дейді «Ауылым» әнінің сөзін жазған ақын жасы 80-нен асқан Жабайыл Бейсен,- Менің жарым болған Бәукен марқұмның мектепте бірге оқыған сабақтасы Әйтен деген қызға Төкең қатты ғашық болып, осы өлеңді арнады. Шыңжаң институтының химия факультетінің 2 курс туденті Әйтен шынында өзінен көп ересектеу Төлеубекті маңына жуыта қоймады. Бұған Төкең қатты қайғырып махаббат жырын жазды. Шынын айтқанда, жүріп жүрген жігіті бар қызТөлеубекті кәрісінді. Үшеуміз қыстыңгүні қылаулап қар жауып тұрған сәтте жаяулап қыдырып жүрсек, Әйтен Төкеңнен қашып менің ана жағыма,мына жағыма бір шығып әбден есі шығатын. Содан барып, өлеңдегі:


...Оны зор мені қор санасаң


Мейірімсіз соққыңнан күйредім,-деген жолдар туды. Шындығында сол кезде Әйтеннің сүйген ғашығы Алтай жағының тумасы, өзімен бір топта, химия факультетінде оқитын жігіт болатын. Ал Төлеубек оған осылай махаббат жырын арнады,-дейді Жабайыл ақсақал.



Бірінші қатар солдан оңға Адам Мекебаев, Төлеубек Жақыпбайұлы. Екінші қатарда тұрған екі адамның бірі Қабдеш Жұмәділов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив