Зайсанның газы Қытайға ағылуын тоқтатады
Бүгінде Зайсанның газының 80%-ы Қытайға қарай ағылып жатыр. Осы себепті біздің облыс республика көлемінде халықты көгілдір отынмен қамту ісінде артта қалып отыр.
Осы мәселеге қатысты облыстың мәслихат хатшысы Вламдимир Головатюк пікір білдірді. Оның сөзінше, жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, Шығыстан шыққан газды осы аймақта қалдыру үшін нақты жоспар жасалып жатыр.
Бұл жоба дайын болса, облыс халқы газбен толықтай қамтылып қана қоймай, аймаққтың экологиялық жағдайы да түзелмек,
Айта кетейік, Зайсан, Тарбағатай аудандарын газбен қамту мәселесі 2012 жылдан бері айтылып келеді.
Оқи отырыңыз