Өскемендегі Арбаттың құрылысына 200 миллион теңге бөлінді
Өскемен бір көшені тұтас жаяу жүргіншілерге арнап жасақтау идеясынан бас тартқан жоқ. Бұл үшін бюджеттен миллиондар бөлінуде. Бұл туралы ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшісінің орынбасары Раушан Ластаева айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Головоков, Горький, Орджоникидзе көшелерін жасақтау үшін облыс бюджетінен 200 миллион теңге қарастырылған, – деді Раушан Ластаева.
Естеріңізде болса, Головков көшесінің Горкий және Орджоникидзе көшелерінің аралығындағы тұсы жаяу жүргіншілерге арналып жасақталатындығы жазылған болатын. Яғни Арбат болады. Онда фонтан, шағын сауда дүңгіршектері, орындықтар мен спорт, ойын алаңдары салынады. Оған қоса жаңадан шамдар орнатылып, ғимараттардың көшеге қараған беті жөнделеді.