KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

ШҚО-да жылуға төленеген артық ақша иелеріне қайтарылды

9.10.2018, 06:26 85

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті облыстық департаменті басшысының орынбасары Вера Болтовскаяның айтуынша өткен жылдың желтоқсанында Өскемен қаласының тұрғындарына 152 млн 613 мың, Семей қаласының тұрғындарына 1 млн. 400 мың теңге көлемінде жылу қызметінің артық төлемдері қайтарылып берілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Өскемен қаласы бойынша былтырғы желтоқсанда артық төлемдер толық қайтарылды. Пәтердің әр шаршы метріне 37 теңгеден қайтарылғанда, ауданы 50 шаршы метр болатын бір пәтерге орта есеппен 1500теңге қайтарылды. Өскемен қаласында қайтарылып берілген соманың көлемі үлкен болып отыруы қалада жалпыүйлік жылу есептеу құралдары аспабының аздығына байланысты болып отыр. Өскеменнің көпқабатты тұрғын үйлері жалпыүйлік жылу есептеу құралдарымен 30 пайыз, Семей қаласы 80 пайыз көлемінде жабдықталған,- дейді департамент өкілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив