KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
441.41 477.78 4.84

ШҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары сынға ұшырады

10.12.2018, 10:04 138



Облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кезекті кеңейтілген аппарат кеңесінде басқарма басшысының орынбасары Сырым Дүсіпов баяндамасын тым сенімсіз жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қобалжығаннан ба, әлде шынымен де саладағы жағдайды дұрыс білмегендіктен бе, жиі мүдіріп, цифрлардан жаңылысып қала берді.


– Өте сенімсіз сөйлеп тұрсыз. Менің ойымша ақпаратқа толыққанды ие емессіз. Сізге қосымша сұрақтар қоюдың өзі артық па деп ойлаймын. Жеке меншік тұрғын үй құрылысын ширату қажет. Осы жөнінде сенбі күні жеке есеп аламын. Дайындалыңыз, – деді аймақ басшысы.


Өткен 11 айда өңірде 305500 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл – 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113 пайызға артық. Жыл басынан облыста жалпы ауданы 186300 шаршы метр болатын 26 көппәтерлі үй салынып біткен, сонымен қатар жалпы ауданы 113100 шаршы метр болатын меншік үйлер бой көтерген.


– Жылдың соңына дейін тағы 109200 шаршы метр тұрғын үй дайын болуы тиіс. Олар – ауданы 102300 шаршы метрлік 14 көпптерлі үй және ауданы 6900 шаршы метрлік меншік үйлер. Сонымен, биыл облыста жалпы алғанда 414700 шаршы метр баспана салынып отыр. Яғни, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің осы жылғы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 109 пайызға артық болмақ, – деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив