KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Аягөздегі 5 сынып оқушысы «кубик-рубикті» 1,5 минутта жинайды

9.10.2018, 05:42 167

Аягөздегі қазақ мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Нұрлат Кемелтайды өз тұстастары үлгі тұтады. Расында да оның білетіні көп. Сабағын тек «5-ке» оқып келе жатқан үздік оқушының қолы бос уақытында айналысар ісі жетерлік.


Мектепте грек-рим күресінен жаттығуға қатысып жүрген оның қолынан көп нәрсе келеді. Мәселен, ол «Рубик кубигін» бір жарым минутта жиып бере алады. Бастауыш сыныптардың облыстық «Балдырған» олимпиадасынан математика пәнінен жүлдегер атанған Нұрлат республикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Жас білімпаз» қашықтық олимпиадасынан бірінші орын жеңіп алды.


Ол тіпті, өз бетінше интернеттен жапон халқының «оригами» деп аталатын желім мен қағазды бүктеп әртүрлі бұйымдар істеу өнерін үйреніп алып, гүл мен оның құтысын (суретте) жасап шықты. Оригами өнерін әжептәуір меңгерген ол сол сияқты, қағаздан әртүрлі ұшақ, кемелер, себет, аққулар мен құстардың, жануарлар мен хайуанаттардың бейнелерін де жасайды. Ол мектеп мақтанышы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив