Семейлік музыкант Италия халқын өнерімен тамсантты
Семейлік баян тартушы Илья Гурский Италияда өткен 28-ші халықаралық музыкалық конкурста шетелдіктерді өз өнеріне тамсандарып қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Prize of Lanciano» деп аталатын конкурс 26 қыркүйек – 2 қазан аралағында өткен болатын. Оған Италия, АҚШ, Қытай, Корея, Қазақстан, Ресей, Украина, Болгария, Словакия, Сингапур және тағы да басқа елдерден ең мықты музканттар қатысып отыр. Қатысушылардың барлығы аймақтық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары болып табылады.
Қазақстаннан аталмыш конкурсқа 2 өнерпаз қатысты – алматылық Мәди Дәулетхан мен семейлік Илья Гурский. Илья - №1 балалар музыкалық мектебінің жас оқытушысы, Әміре Қашаубаев атындағы қалалық филармонияның солисті.
Илья Гурский екі номинацияда ұсынылды - «Варьете» және «Классика» » (21 - 40 жас аралығында). Екі номинацияда да Илья әділ қазылар алқасын өнерімен тамсандырған екен. «Варьете» номинациясында «Гран-приді» жеңіп алса, «Классика» номинациясында 1 дәрежелі лауреат атағын иеленіп отыр.
Сондай-ақ, Ланчано қаласының басшысы ұйымдастырған үздік нөмірлерден тұратын концертте Илья Гурский де өнер көрсететін болды.