KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қазақстанда дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмек сатпайтын болады

5.10.2018, 11:35 225

2020 жылға қарай елімізде кез келген дәрілік препараттардың рецептсіз сатылуына тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті.


-Рецептсіз сатуға қатысты маңызды мәселе туындап отыр. Біз 2020 жылға қарай толықтай тәртіп орнатып, медикаменттерді рецептсіз сатуға тыйым саламыз. Өкінішке орай, сатып алушылар дәріханаға келіп, ауруының белгілерін сипаттап береді де, дәрі-дәрмек сатып алып кетеді. Оның ішінде күшті әсер ететін препараттар да бар. Ал дәріхана қызметкерлері – дәрігер емес, - дейді министр.


Министрдің айтуынша, билік барлық дәріханаларды толық тексере алмайды, себебі елімізде кіші және орта бизнес қорғалған екен.


Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудадағы дәрі-дәрмектің шектік бағасын енгізу жоспарланып отырған көрінеді. Сондай-ақ, рецептсіз сатуға тыйым салуды енгізуге байланысты жаңа жылдан бастап дәріханалардың қызметіне бақылау күшейтілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив