KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

ШҚО-дағы Первомайка ауылында 18 көшеге жаңа атау беріледі

5.10.2018, 11:21 142

ШҚО-дағы Шемонаиха ауданына қарасты Первомайка ауылының 18 көшесіне жаңа атау берілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ауыл тұрғындары көше атауларына байланысты өз нұсқаларын ұсына алады. Бұл туралы аудан әкімінің реми сайтында мәлімделді.


– Октябрьская көшесін Желтоқсан деп өзгертеміз. Бұны ономастикалық комиссия мақұлдады. Қалған 17 көшенің атауын әлі де ойластырамыз. Мүмкін жиын кезінде тұрғындар ұсынған нұсқалардың ішінен таңдап алармыз, – дейді аудан әкімдігі.


Көше атауларын өзгертуге байланысты жиналыс 12 қазан күні сағат 16.00-де өтеді. Тұрғындардың ұсынған атауларын арнайы өкілдер оқиды.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив