KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Сарыөзек деп аталмақ

19.02.2018, 09:58 204

Ұлан ауданындағы ономастика мәселесі оң шешімін тауып келеді. Аудан әкімдігі алдағы уақытта өңірде бірінші, екінші, үшінші сынды көше атауларын өзгертуді жоспарлап отыр.


Сондай-ақ 17 шақырым деген атпен белгілі елді мекенге де өзіне лайықты атау қою күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Бұл ауылға өзінің тарихи Сарыөзек атауын қайтару ұйғарылып отыр.


Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Әбдікәрімовтің айтуынша, қайта атау бойынша құжаттар облыстық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілген. Сондай-ақ, жергілікті халықтың қалауы бойынша Жанұзақ ауылындағы төрт көшеге де жаңа атау берілмек. Мұндағы бірініші көше – Достық, екінші деген атауы бар көше  - Ардагер, үшінші көшесі  Бірлік деп аталатын күн де алыс емес.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив