Тарбағатайлық палуандар Иорданияда жүлдеге ие болды
Иорданияның Амман қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Чемпионатта Қазақстанның намысын қорғаған жас палуандар жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тарбағатай ауданы Б.Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Сұлтан Құрманәлиев 57 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер, Олжаханов Олжас 70 кг салмақ дәрежесіне қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушылары Алимов Берік пен Дауітбеков Самғаттың еңбектері ақталды.
Оқи отырыңыз