KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
475.18 510.72 5.47

Миллионер атанған семейлік мұғалім

16.10.2013, 18:00 245


Семей қаласындағы №1 мектептің биология пәні мұғалімі Светлана Коновалованың еңбегі ерекше бағаланып, оған 1 731 000 теңгенің сертификаты табысталды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семейде 2012 жылдан бастап «Қаланың үздік мұғалімі» байқауы өткізіліп келеді.

Жуықта осы байқау аясында қаладағы үздік ұстаздарды құттықтауға арналған салтанатты шарада №1 мектептің биология пәні мұғалімі Светлана Коновалованың еңбегі ерекше бағаланып, оған 1 731 000 теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, жиын барысында жүзден астам мұғалім қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, 44 мұғалім мен 10 ардагер ұстаз бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бүгінде қаладағы мектептерде 3795 педагог қызмет етіп келеді. Мұғалімдер құрметіне ұйымдастырылған аталмыш жиынға мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары да қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив