Өскеменде жеңіл автокөлік тепловозбен соқтығысып қалды
Сенбі күні Өскемендегі «Старый подхоз» ауданында «Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-23 жастағы автокөлік иесі теміржолдан өтетін кезде қауіпсіздікке көз жеткізбеген, салдарынан тепловозбен соғылып отыр, - деп мәлімдеді Өскемен ІІБ баспасөз қызметінде. – Жол апатында зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Жеңіл автокөлік жүргізушісіне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу немесе алты айға дейін жүргізушілік құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Оқи отырыңыз