KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

ШҚО-ның мектептерінде ақылы тестілеу өткізуге тыйым салынуы мүмкін

28.09.2018, 10:42 165

Білім беру жүйесі ең сыбайлас салалардың бірі болып қала беруде. Ондағы проблемалық мәселелердің бірі — мектеп оқушылары арасында ақылы тестілеу өткізу фактілері.


Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық қауіпіне, жоспарлауды жетілдіру, аккредиттеу қызметі мен оны өткізу, тапсырыстарды жүргізу тәртібіне ауқымды талдау жасауға қажеттілік туындап отыр екен.


-Білім беру мекемелерінде оқушыларға ақылы тестілеу өткізу мәселесі ерекше бақылауда болып, оған тұрақты түрде мониторинг жүргізілуі тиіс, - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы Арыстан Асқар. – Мектеп әкімшіліктерінің ақша жинау фактілері жиілеп кеткендіктен, білім беру мекемелерінде ақылы тестілеу өткізуді тоқтату қажет. Сондай-ақ, мектептер мен балабақшаларда «Ашық бюджет» сайттарының пайда болуына, мекемелерде қамқоршылық кеңес есептерінің ашылуын назарда ұстаған жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив