KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Өскемен дүкендерінде жеміс-жидектің орнын қант алмастырады

27.09.2018, 12:04 92

Тұрақтандыру қорының сөрелерінде жеміс-жидектерден бөлек, қант пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыс орталығындағы тұрақтандыру қоры 3300 тонна жеміс-жидек сатып алуды жоспарлаған.


– «Приречное» агрофирмасы алдағы демалыста астық жинауды бастайды. Бір ай шамасында барлық өнім жиналып, сақтауға жеткізіледі, – деді Антон Крамаренко, «НК «СПК «Ертіс» АҚ басқармасы басшысы.


Биыл тұрақтандыру қоры сөрелерінде картоп, сарымсақ, сәбіз және капуста қойылады. Ал қызылша сатылмайды. Есесіне оны қант алмастыруы мүмкін.


– «НК «СПК «Ертіс» акционерлік қоғамынан бірнеше мәрте өтініш білдірдік. Қазіргі уақытта осы мәселе қарастырылып жатыр, – деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Елена Литвинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив