KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Тұрақтандыру қорында қанша өнім сақталған?

25.12.2017, 09:52 82


– Биыл жылдағыдай тұрақтандыру қорының өнімдерін сату басталды ма? Өскеменде және Семейде ел тұтынатын негізгі көкөністердің бағасы қаншадан қойылған? Арзан өнімдерді қайдан алуға болады?

Нұргүл Советхан.

Өскемен.


Сауалға «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Антон Крамаренко жауап береді:

– Өскемен қаласына қазіргі уақытта күніне шамамен 10-15 тонна аралығында тұрақтандыру қорының өнімдері кіргізілуде. Қалада әлеуметтік сауда нүктелері толық жұмыс істеп тұр. Өскеменде – 40, Семей қаласында – 32 сауда нүктелерінде тұрақтандыру қорының өнімдері халыққа ұсынылуда.


Аталмыш нүктелердің 13-і «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-на тиесілі орындар болса, қалған орындар екі қаладағы әкімдіктер мен қаладағы сауда дүкендері арасында жасалған меморандумдар арқылы ашылған нүктелер. Сауда орындарындағы картоп, сәбіз, қызылша, орамжапырақ келісі 75 теңгеден бір бағамен берілуде. Бұл – нағыз нарықтық баға. Екі қала бойынша жергілікті агрофирмалардан 7,5 мың тонна өнім сатып алынып, сақтауға қойылған. Жалпы құны – 364 млн. теңге. Өнімдерді қаладағы маңдайшасына «Тұрақтандыру қорының өнімдері» деп жазылған сауда нүктелерінен және меморандум жасалған арнайы дүкендерден алуға болады.


Сонымен бірге, тағы бір атап өтерлігі, биыл республика бойынша ең үлкен тұрақтандыру қоры біздің облыста ғана құрылып отыр. Алда корпорацияға қатысты орындар санын Семейде арттыруды жоспарлап отырмыз. Қордағы өнімдер ауылшаруашылық тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпай, ауыздықтап отыруға толықтай мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив