KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Аягөздегі қожалық басшысы мектептегі физика кабинетін жабдықтап берді

27.09.2018, 03:20 121

Аягөз ауданына қарасты Нарын ауылдық округінде оқушылардың заман көшінен қалмай соңғы технологияларды пайдалана отырып жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған.


Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған «Менің мектебім» акциясы аясында Шыңқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектепте физика және робототехника кабинеттері ашылып, заманауи құралдармен жабдықталды. Жаңадан ашылған кабинетке осы мектепте ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, дүниеден озған Қарлығаш Абылайқызы Кикібаеваның аты берілді. Айта кету керек, аталмыш акциядан шет қалмай өз үлесін қосқандардың қатарында Қарлығаш Абылайқызының сіңілі Сандуғаш Абылайқызы да бар.


Сондай-ақ, «Туған жер» бағдарламасы аясында «Рысбек» шаруа қожалығының төрағасы Қанат Рысбекұлы Оспанов 2 млн теңгеге физика кабинетіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, соңғы технологиялармен жабдықтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив