KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Демеушілердің көмегімен робототехника сыныбы ашылды

13.12.2017, 05:35 142


Ел тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесі қарсаңында Өскемендегі математика, физика, информатика бағытындағы дарынды балалар оқитын №25 мектеп-лицейінде роботтық техника кабинеті ашылып, жас «инженер-конструкторларға» арналған «Инжиниринг 5+» интерактивтік көрмесі өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп кабинетін заманауи құралдармен жабдықтаған - «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Негізінен «Робототехника» курсы бұл лицейде 2013 жылдан бері енгізілген. Балалардың оқу бағдарламасына аталған курсты енгізу оқушылардың техникаға деген қызығушылығын арттырып, өз ойынан машина құрастыруға, оны бағдарламалап, әрі қарай зерттеуге мүмкіндік беретін орта қалыптастыратындығы сөзсіз. Мәселен, бастауыш сыныптарда өтетін «Лего құрастыру» курсында балалар арнайы сызбалар бойынша үлгілер жасап, шығармашылық жобалармен айналысады. Ал ересек балалар бұдан гөрі күрделі құрылғыларды бағдарламалап үйренеді.


«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мектепке демеушілік көмек көрсетіп, робототехника кабинетін жабдықтап берді. Қайырымдылық жобаның арқасында кабинетке модульдік және компьютерлік столдар, орындықтар сияқты арнайы жиһаздар алынып, 3D –принтер орнатылды.



– Біз бұл бағдарламаға дейін де демеушілік, қайырымдылық шараларын назардан тыс қалдырмаймыз, – дейді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Юрий Овчинников. – Балалар - біздің болашағымыз. Компаниямыздың әлеуметтік саясатында бұл мәселе айрықша орын алады. Мектептер мен мектепке дейінгі білім ошақтарының дамуына қол ұшын беру – бұл болашақта өңіріміздегі кәсіпорындарда еңбек ететін білікті мамандардің сапалы білім алуына салынған капитал деп білемін. Менің ойымша, бүгінгі жас ұрпақ әрі қарай дамуы үшін барлық заманауи мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс.

 


– Робототехникамен жетінші сыныптан бастап айналысып келемін. Бірақ үшінші сыныптан бері пән ретінде енгізілгеннен кейін оқушылардың көбі Лего құрастырып, роботтарды бағдарламалауды тез меңгереді. Ол үшін мектебімізде барлық жағдай жасалған, – дейді 9 IT-сыныптың оқушысы Никита Пятков. – Қазір біз роботтарды белгілі бір нұсқаулықтың көмегімен бағдарламалаймыз. Жарық, температура, қозғалыс және инфрақызыл датчиктермен жұмыс істеуді үйрене аламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив