KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

Даниал Ахметов: «Білім саласына бөлінген қаражаттың қайда кететінін тексеру керек»

13.04.2018, 11:56 76

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданының бірқатар елді мекендерін аралап қайтты.


Ол Тұғыл кентінде орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің ғимаратының жағдайымен, пәндік кабинеттерімен танысты. 470 оқушы білім алып жатқан бұл оқу орнында «Менің мектебім» бағдарламасы аясында робототехника және биология кабинеттері ашылуы тиіс. Облыс әкімі кабинеттердің ескірген құрал-жабдықтарын көріп, арнайы тапсырма берді.


-Біз білім саласына биыл 106 миллиард теңге бөліп отырмыз, бұл - облыс бюджетінің үштен бір бөлігі, сонымен қатар «Менің мектебім» бағдарламасы шеңберінде қосымша 2,5 миллиард теңге қарастырылған. Бұл – аз қаржы емес. Ал мына мектепте көріп тұрғандарыңыздай сонау сексенінші жылдары шығарылған, әбден тозып біткен көрнекілік құралдары ілулі тұр. Бұл не деген сұмдық?! Әкімдіктерге, білім басқармасына, барлық деңгейдегі депутаттарға осы мәселемен айналысуды тапсырамын. Қаражаттың қайда кетіп жатқанын, қалай жұмсалып жатқанын жіті тексеру керек, - деді Даниал Ахметов.

Десек те, мектептегі білім сапасы жаман емес, былтыр түлектер ҰБТ бойынша орташа 98 балл жинапты. Облыс әкімі қаржы бөлініп, 1962 жылы салынған осы ғимаратта жөндеу жүретінін айтты. Ал мектепке жапсарлас салынған қосалқы корпусқа арнайы тексеру жүргізілмек. Егер ол пайдалануға жарамды болып танылса, қалпына келтіріліп, қолданысқа енгізіледі.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив